Қалалық санитарлық—эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Пестрое көлі мен Есіл өзенінің жағажайларынан су сынамаларын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 су сынамасы алынған. Зерттеулер санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілді. Яғни, иісі, түсі, тотығуы, жалпы қаттылығы, темір, фторидтер, молибден, азот нитраты, хром, алюминий, полифосфаттар, сынап, аммиак азоты, бор, марганец, мұнай өнімдеріне тексерілді. Тексеріс жұмыстары уран-238, цезий-137, стронций-90, радий-226,228, торий, қорғасын полоний сияқты радиологиялық компоненттердің құрамына жүргізілді.
Судан басқа жағажайлардан 10 топырақ сынамасы алынды.
— Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша барлық сынамалар қауіпсіздік және нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес келеді, деп атап өтті ведомство өкілдері.
Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев