Көкшетауда есірткі жасырушылар ұсталды, олардың екеуі де Петропавл қаласының тұрғындары, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
16 маусым күні есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласында синтетикалық есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Қылмысты ашуға көкшетаулықтар көмектескен. Оғаш қимылдарынан күмәнданған қала тұрғындары тәртіп сақшыларына хабар берген. Тінту барысында ұсталғандардың бірінен құрамында консистенциялы сарғыш түсті ұнтақ зат бар полиэтилен пакет табылды. Тергеу кезінде “серіктесі” есірткі заттарын салған орындарды көрсетіп, ол жерден полицейлер 50 түйіншекті тауып, тәркіледі. Мамандар тәркіленген есірткіні тиісті сараптамаға жіберді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыс кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қолға түскен 21 және 20 жастағы күдіктілердің Петропавл қаласында тұратыны, есірткі сатумен айналысу үшін Көкшетауға арнайы келгені анықталды.
Фото: ашық дереккөздерден