СҚО-да мәдениет және өнер саласының мамандарын даярлауға 15 грант бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Досбол Әбдрисов жарты жыл бұрын саланы кадрлармен қамтамасыз ету бойынша талдау жүргізгенін айтты. Филармония, театрларда және кітапханаларда маман тапшы, мұрағатшылар жетіспейді. Мәдениет саласы қызметкерлерінің жартысынан азында ғана жоғары білім бар.
— Жағдай туралы облыс әкіміне баяндалды. Ол биылғы жылға шығармашылық жоғары оқу орындарына 15 грант бөлу туралы ұсынысты қолдады. Жыл сайын гранттар саны артатын болады. Біліктілікті арттыруға келетін болсақ, «Болашақ» қауымдастығымен бірлесіп, «музыкалық-драма театрының актерлері» және «кинорежиссер» мамандықтары бойынша Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте тағылымдамадан өтуге мамандар дайындаймыз. Ол 8-12 айға созылады, — деді Досбол Әбдрисов.
Pexels иллюстрациялық фотосы