Облыстағы кейбір жолдар сапасыз материалдан салынған

Авторы: Qyzyljar News

Жол активтері ұлттық сапа орталығы СҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл мамандар республикалық маңызы жолдарға 185 инспекциялық тексеріс жүргізген. Нәтижесінде, 191 кемшілік анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Ескертулердің басым бөлігі республикалық жолдарды қысқы және көктемгі-жазғы уақытта күтіп ұстауға қатысты. Жұмыс сапасыз атқарылған. Жол-құрылыс маусымы басталысымен жөндеу нысандарында жұмыс сапасына ішінара сараптама жүргізілді. Нәтижесінде асфальт бетонның біркелкі төселмегені, жаңа жолда ойықтардың пайда болуы, сапасыз нығыздалуы секілді бірқатар олқылықтар анықталды, — дейді Жол активтері ұлттық сапа орталығы СҚО филиалының директоры Жолдыбай Тентеков.

Кемшіліктер анықталған жағдайда тапсырыс берушілерге оны жою жөнінде ұйғарым жіберіліп отырады. Жолдыбай Тентековтің айтуынша, мамандар жыл басынан бері 282 жол-құрылыс материалының сынамасын алған.

-Соның 254-і бүгінде тексеріліп, 78-і құқықтық-техникалық құжаттардың нормаларына сәйкес болмай шықты. Ол сынамалар негізінен ауылдық округтерде ауылішілік көше жолдарынан және аудандық маңызы бар автожолдардан алынды, — дейді Жолдыбай Тентеков.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz