Петропавлда астана күні қалай тойланады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда 6 шілде — Елорда күнін қалай аталып өтетіні белгілі болды. Мереке негізінен, әдеттегідей орталық алаңда тойланады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сағат 11-де Астана күніне орай мерекелік концерт басталады. Сағат 13:00-15:00-ге дейін аниматорлардың қатысуымен балалар үшін қызықты бағдарламалар ұйымдастырылады. Елорда күнін мерекелеу сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін өтетін музыкалық ретро-бағдарламамен аяқталады. Сонымен қатар, білім бөлімі Орталық мәдениет және демалыс саябағына кіре берісте суреттер байқауы мен караоке алаңын ұйымдастырмақ. Мектеп жанындағы алаңдарда блиц-турнирлер, викториналар және флешмоб өтеді. «Березка» және «Достық» жазғы сауықтыру лагерлерінде суреттер байқауы және мерекелік концерттер өтеді деп жоспарланған.

Қазақстан Конституциясы көшесінде 2 мерекелік фотозона орнатылады, сондай-ақ қаланың билбордтарында 10 баннер қойылады.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz