Әдеп жөніндегі кеңесте СҚО бойынша Тексеру комиссиясының бас инспекторы- қаржы басқармасының мемлекеттік аудит және квазимемлекеттік сектор субъектілері бөлімінің мемлекеттік аудиторына қатысты тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қызметтік тергеу барысында А. Құрманғали іс-сапарда болған кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін жеке қажеттіліктеріне пайдаланғаны, яғни тегін тамақтанғаны анықталды. Бұған қоса тұрғын үй жалдап, тәуліктік шығыстардың төленгеніне қарамастан, бөлінген қаражатты қолданбай, өз үйіне барып отырғаны белгілі болды. Мәселені қараған Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері А. Құрманғалиді қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартуды ұсынды.
Фото: ашық дереккөздерден