«Қызылжар» орталық мешіті облыс әкімдігімен бірлесіп, «Солтүстік Қазақстан облысының рухани мұралары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, ҚМДБ-на сілтеме жасап.
Конференцияда облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов, ҚМДБ өкілдері, ғалымдар мен тарихшылар баяндама жасады. Жалпы, жиынға өңірдегі аудан, қала имамдары, қалалық, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.
СҚО бас имамы Хамзат Қажымұратұлы мұндай алқалы жиындарды жыл сайын өткізіп тұру жоспарда бар екенін айтты.
Негізінен, конференцияда тың әрі өзекті тақырыптар, атап айтқанда, «Ботай» өркениеті, «Қызыл оба» тарихы, өңірдің этникалық, топонимикалық мәселелері, СҚО -дағы мешіт-медреселердің тарихы мен белгілі тұлғалардың өмір жолы кеңінен талқыланды.
Фото: ҚМДБ ресми сайтынан