389
Қазақстанда COVID-19 дерті қайта өршіп барады. Өткен тәулікте елімізде 54 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сырқаттанушылардың басым бөлігі – алматылықтар. Оңтүстік астанада 38 адам вирус жұқтырған. Нұр-Сұлтанда 8 тұрғын науқастанса, Шымкентте – 2, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында 1 жағдайдан тіркелді.