«АMANAT» партиясы халық сенімін ақтауға дайын

Авторы: Qyzyljar News

«AMANAT» партиясынан Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Әсем Рахметова, Галина Семенова және Нұрлан Айманов Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында кездесу өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен кездескен депутаттыққа үміткерлер сайлауалды бағдарламаларын егжей-тегжейлі баяндап берді. Әсем Рахметова партияның халықтың көшіп кетуін азайтуға бағытталған бастамалары туралы айтты.

– Көші-қон мәселесін кешенді шаралар арқылы ғана шешуге болады. Біріншіден, жұмыс орындарын құру, жалақыны көтеру және аймақтың инфрақұрылымын жақсарту керек. Әр ауылда су, жол, интернет және жұмыс болуы тиіс. Мұның бәрі біздің сайлауалды бағдарламамызда қарастырылған, — деді Әсем Рахметова.

Кездесуде ХҚКО қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды. Әсіресе, тұрғындар аймақты газбен қамту тақырыбына қатысты сауалдарын жолдады.

– Өңірді газбен қамтамасыз ету мәселесін шешу біздің бағдарламамызда қарастырылған. Осы бағытта партия газ құбырын салу жөніндегі жобаны ілгерілетуге ат салыспақ. «Астана-Көкшетау – Петропавл» бағыты бойынша «Сары-Арқа» жобасын одан әрі іске асыруға ұмтылатын боламыз, — деді депутаттыққа үміткер Галина Семенова.
Кездесу соңында депутаттыққа үміткерлер ХҚКО қызметкерлерін 19 наурызда дауыс беруге белсенді қатысуға және сайлауда «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

amanat.zganj

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz