Жанармай құнына мораторий аяқталады, осыған байланысты Энергетика министрлігі жаңа шекті рұқсат етілген бағалар туралы бұйрық жобасын дайындады. Ел бойынша ең қымбат бензин СҚО-да болмақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ашық нормативтік-құқықтық актілердің сайтында бензин бағасы тек Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында ғана қымбаттайды деп жазылған.
— Мемлекеттік бағаларды реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай мөлшерде белгіленсін: АИ-80 маркалы бензин — литріне 89 теңге, Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин: Қостанай және СҚО — да-литріне 187 теңге, — делінген хабарламада.