Маусымның 20-сынан бастап Оtbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер 19-ші шілдеге дейін қабылданады.Оған әкімдікте кезекте тұрған көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған және толық емес отбасылар қатыса алады.
-Бағдарламаға қатысушылар жылдық 2%-бен 20 жылға дейін несие рәсімдей алады. Несие сомасының 10% мөлшерінде бастапқы жарна болған жағдайда ғана қарыз беріледі. Максималды сома — 10 млн. теңге. Өтінімдер тек онлайн түрде www.otbasybank.kz порталында қабылданады. Бүгінгі күннің өзінде әкімдікте кезекте тұрған 300-ге жуық адам өтінімдерін беріп үлгерген, — дейді «Отбасы банк» АҚ СҚОФ маманы Эльмира Баймұхамбетова.