Қазгидромет сенбі және жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Алдағы демалыс күндері облыс аумағында жаңбыр жауады деген болжам бар. Әрі сынап бағанасы 30-дан 20 градусқа дейін төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, 25 маусымда өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайлы, солтүстікте бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Күндіз ауа температурасы 20-22 градус жылы болады.
Жексенбі 26 маусым күні термометр бағандары 17-19 градус жылуды көрсетеді, аспанды бұлтты торлайды.