Демалыс күндері аптап ыстықтың беті қайтып, нөсер жаңбыр жауады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстандық синоптиктер алдағы демалыс күндері – 2023 жылдың 5-7 тамызы аралығында республика бойынша күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Болжам бойынша, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп төмендеп,нөсер жаңбыр жауады.

— Таяу тәуліктерде Қазақстан аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күн райы құбылмалы болады: республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында екпінді желмен бірге қатты жаңбыр, бұршақ жаууы, дауыл тұруы мүмкін… Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Алайда 5-6 тамызда Қазақстанның оңтүстік-шығысында күндіз +40+42°С-қа дейін қатты ыстық болады деп болжанды, — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК

Ал еліміздің батыс облыстарында күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz