2021 жылы СҚО-ға жұмыс күші басым өңірлерден 2943 адам көшірілді. Оның 74% – ы ауылдық жерлерде, 26% — ы Петропавл қаласында тұрады. 720 азамат жұмысқа орналасты, 215 адам жеке кәсіппен айналысуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шаралар 2022 жылы да жалғасатын болады. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасына сәйкес облыста 2685 адамға квота бекітілді. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанға 114 отбасы қоныс аударды. 94 адам жұмысқа орналасып, біреуі жеке ісін ашты. Айта кетейік, еңбек биржасында 2,5 мыңнан астам бос жұмыс орны тіркелген.
Фото: ашық дереккөздерден