Маусымның 21-25 аралығында Тараз қаласында жастар арасында жүзуден Қазақстан чемпионаты өтті. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар мен Қырғызстан құрамасынан 310 адам қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, СҚО құрамасы 10 медаль жеңіп алды. Осылайша, жерлестеріміз қоржынды 3 «алтын», 5 «күміс» және 2 «қола» жүлдемен толықтырды.
Жекелей сында Василенко Егор (50 және 100м фристайл), Лукьянчикова Яна (100м фристайл) чемпион атанды. Василенко Егор (200м в/с), Лукьянчикова Яна (50м в/с), Марченко Ангелинаға (200м кешен, 200м брасс). күміс медаль бұйырды. Эстафеталық жүзуде жергілікті спортшылар «күміс» жүлдеге ие болды (4х100м в/с).
Жалпыкомандалық есепте солтүстікқазақстандық жүзушілер Нұр-Сұлтан және Алматы командаларына есе жіберіп, чемпионаттың қола жүлдегері атанды.