400
Синоптик мамандар 28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Елімізде найзағай ойнап, бұршақ жауып, шаңды дауыл соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» ақпараты бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, шығыста, оңтүстікте — дауыл, оңтүстік-батыста — шаңды дауыл соғады. СҚО-да жел күшейіп, секундына 25 метрге дейін жетеді. Найзағай ойнап, ірі бұршақ жаууы мүмкін.