Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Авторы: Qyzyljar News

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Ақпарат саласында жұмыс істеу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Отандық баспасөз еліміздің тұтастығы мен татулығын нығайту жолында елеулі рөл атқарады. Сөз өнерін қасиет тұтып, абырой биігінен көрініп жүрген кәсіби журналистеріміз аз емес. Олар еселі еңбегімен оқырманның, көрерменнің алғысына бөленуде. Бұл – ел игілігі жолындағы адал әрі қажырлы еңбектеріңізге берілген баға. Бүгінде әлеуметтік желілерде, интернетте жалған ақпарат көбейіп кеткенін көріп отырмыз. Осындай күрделі жағдайда сіздердің шынайы әрі сыни көзқарастарыңыз түрлі келеңсіздікке тосқауыл болар еді. Қазір қоғамдағы басымдықтар өзгеріп жатыр. Кәсіби журналистер қызметінің маңызы арта түсті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Бұл – барша отандасымыздың алдында тұрған маңызды міндет. Сіздердің мақалаларыңыз бен сюжеттеріңіз, журналистік зерттеулеріңіз осы бастамаға үлес қосары сөзсіз. Сондықтан нағыз кәсіби мамандардың еңбегін лайықты бағалаудың символдық мәні бар.Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін,-делінген Президент құттықтауында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz