2021 жылы СҚО-да рұқсат етілмеген 363 қоқыс орны пайда болған. 313-інде тұрмыстық қалдықтарды тастауға мүлдем тыйым салынған екен, ал 50-і белгіленген шекарадан асып кеткен, 294-і жойылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы СҚО бойынша экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты. Мобильді жұмыс тобы өкілдері Петропавлда 26, Қызылжар ауданы бойынша 27 рұқсат етілмеген жерді анықтаған.
— Жоспарды орындау барысында СҚО ПД мәліметіне сәйкес 2022 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша рұқсат етілмеген қоқыс орындарын ашқаны үшін 5 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 153 150 теңге көлемінде айыппұл салынды. Жергілікті полиция қызметінің, сондай-ақ жергілікті тұрғындармен елді мекендерде жергілікті атқарушы орган қызметкерлері рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің алдын алу және олардың пайда болуына жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді,-дейді Азамат Бектасов.