302
Синоптиктер 29 маусымға ауа райы болжамын жариялады. Ертең Қазақстанда найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады, әрі бұршақ жауып, жел күшейеді деген болжам бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен солтүстікте бұршақ жауып, дауыл соғады деп күтілуде.
Синоптиктер түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжап отыр.