Биыл облыста 58,8 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы 24 маусым күні Қазақстан Республикасы заңнамасын бұза отырып берілген және пайдаланылмай жатқан жерлерді алып қою жөніндегі ведомствоаралық кіші топтың кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл 140,2 мың гектар алқапқа 30 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, 80 мың га алаңда 22 бұзушылық анықталды. Оны жою туралы 22 нұсқама беріліп, 20 есе ұлғайтылған салық мөлшерлемесін қолдану үшін мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.
Қазіргі уақытта, сотта Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жалпы алаңы 4,1 мың га жер учаскелерін жалдау туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы 16 талап -арыз қаралып жатыр.