Петропавлда жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жайында сөз қозғалды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы қарастырылып жатыр. Құжат парламентте бірнеше рет қаралғанымен, қабылданбаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстанда заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заң бұрыннан жұмыс істеп келеді. Ал, жеке тұлғалардың, яғни қарапайым азаматтарға қатысты құжат жоқ. Біздің қоғамымызға да бұл заң ауадай қажет десек, артық болмас. Себебі, қарызға белшесінен батқандар саны күн санап артып келеді.

— Заңды тұлғалар, яғни кәсіпкерлер қарызын қайтара алмаса, онда ол өзін банкрот деп жариялап, қарызы жойылады. Осындай жоба қарапайым тұлғалар үшін де жұмыс істеуі тиіс. Өйткені, бүгіндері банктен несие алып оны төлей алмай жатқандар қаншама. Әрине, бас жоқ, көз жоқ барлығына бірдей қарыз кешіріле бермейді. Оның барлығы жіті тексеріліп, қаржының қайдан келіп жатқандығы, қанша жұмсалатындығы бәрі қаралатын болады,- деді «Ақ жол» партиясы атынан сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Евгений Кинцель.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz