5 жыл ішінде Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне қоныс аудару бағдарламасына миллиардтаған қаражат бөлінгеніне қарамастан, өңірден 20 мың тұрғын көшіп кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында келгендер саны өңірден кеткендер санының небәрі 69,6% — ын құрады. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында облысқа тек 2,9 мың адам көшіп келді, ал 4 мыңнан астам тұрғын көшіп кеткен.
Өңірдің демографиялық көрсеткіштері де көңіл көншітпейді. Қартаю индексінің ең үлкен көрсеткіші — 100 балаға 62,9-ді құрап отыр. Яғни облыстағы 15 жасқа дейінгі 100 бала мен жасөспірімге 65 жастан асқан 63 қарттан келеді.