СҚО Есіл ауданы Спасов ауылдық округінің әкімі Азамат Жолдаяқов 130 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, 26 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары Азамат Жолдаяқовты 130 мың пара алғаны үшін ұстаған.
— Қазір одан жауап алынып жатыр. Тергеумен келісім жасады. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр,- деп хабарлады бақылаушы орган өкілдері.
Ауыл әкімінің ұсталғанын өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов та растады.