380
Соңғы тәулікте Қазақстанда 189 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Науқастар еліміздің 3 қаласы мен 7 облысында тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
1 тәулікте Алматыда 98 тұрғын COVID-19 дертіне шалдықты. Нұр-Сұлтанда – 55, Шымкентте — 8 адам сырқаттанған. Алматы облысында – 8, Атырау, Жамбыл мен Қарағанды облыстарында – 5, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 адамнан ауру жұқтырған.