СҚО-да әскери жиын өтуде

Авторы: Qyzyljar News

Өңірде кезекті әскери жиын өтіп жатыр. Маусымның 14-і мен 23-і аралығында өтетін шараға 78 офицер, сержанттар мен запастағы сарбаздар қатысуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жиында жақсы нәтиже көрсеткендерге кезекті әскери атақ беріледі. 14-23 маусым аралығында өтетін оқу-жаттығу жиынының ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің бас штабы аумақтық қорғаныс департаментінің аға офицері Нұржан Борамбаев қатысып, сөз сөйледі.

– Бұл іс-шара екінші рет өткізіліп отыр. Бірінші жиынға 39 адам қатысты. Бүгін біз аумақтық қорғаныс бригадасының екінші ротасын шақырдық. Мен сіздерге алғыс білдіріп, 10 күндік жиынды сәтті өткізіп, кезекті әскери атақ алып, үйге оралуларыңызды тілеймін,- деді Нұржан Борамбаев.

Биыл әскери жиынға запастағы 78 әскери сарбаз қатысып жатыр. Жаттығу барысында запастағы әскери міндеттілер бірнеше тақырыпта сабақ өтеді.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz