Солтүстікке оңтүстік өңірлерден қоныс аударғандарды орналастыруға байланысты жаңа сомалар тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Біз жаңа ережені ұзақ күттік. Ережеге сәйкес, отбасының әрбір мүшесіне көшуге 70 АЕК беріледі. Оған қоса тұрғын үйді жалға алу мен сатып алуға қосымша 15 АЕК төленеді, — деді СҚО әкімі.
Яғни, қоныс аударып келгендерге 222 және 48 мың теңге мөлшерінде өтемақы беріледі. Естеріңізге сала кетейік, еліміздің солтүстігіне ерікті қоныс аударуға 2025 жылға дейін 7,6 трлн теңге бөлінген.