СҚО-да бірнеше санат бойынша қылмыс санының төмендегені байқалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстар 43% — ға, көшелердегі 27% — ға, мас күйіндегі 16% — ға, қоғамдық орындарда орын алатын түрлі тәртіпсіздіктер 4,5% — ға төмендеген.
Полициядағы кеңесте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыс тобы қыркүйек айына дейін ведомствоға Петропавл аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізделген ұсыныстар енгізуді, облыс әкімдігі алдында криминогендік шиеленісті азайту мақсатында халықты жұмыспен қамту мәселесін бір жақты етуді ұсынды. Департамент бастығы Айдын Қабдолдинов жұмыс тобының құрамына барлық мемлекеттік мекемелердің өкілдері кіруі тиіс деп есептейді.
— Мемлекет басшысы ішкі істер министрлігінің алдына сервистік модель негізінде полицияны дамытудың халықаралық тәжірибесіне қосылу міндетін қойды. Бұл жерде азаматтардың ұйымшылдығы, полицияға деген сенімі маңызды рөл атқарады, — деді Айдын Қабдолдинов.