12 шілдеден бастап Қазақстанда жарты жылға бірқатар жанар-жағармай материалдарын шығаруға тыйым салынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Энергетика, қаржы және ішкі істер министрлері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салатын «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрықтарға қол қойды. «Параграф» ақпараттық жүйесінде орналастырылған бұйрыққа сәйкес бензин мен дизель отынын автокөлікпен әкетуге тыйым салу 12 шілдеден бастап жарты жыл бойы қолданылады.
-Қазақстан Республикасының аумағынан бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жекелеген ыдыстарда әкетуді қоспағанда, автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, — делінген құжатта.
Фото: ашық дереккөздерден