Петропавл кинотеатрларында интернет-алаяқтардың айла-тәсілдері туралы бейнероликтер көрсетілуде

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларын одан әрі күшейтті. Енді кинотеатрларда сеанс алдында айлакерлердің қитұрқы әрекеттері көрсетіліп отырады. Бұл бейнероликтерді облыс орталығындағы автобустардың мониторларынан да көруге болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Соңғы кездері солтүстікқазақстандықтарға қоңырау шалып, сөздеріне сендіріп, ақша жымқыратын алаяқтардың көбейіп кеткені мәлім. Мәселен. Жуырда киберқылмыскерлер Петропавлдың 97 жастағы тұрғынын алдауға тырысқан. Абырой болғанда, зейнеткер айлакерлердің қармағына түспеді.

-Қылмыскер «банктен қоңырау шалып тұрмыз» деп тұрғындарды жиі алдайтын болған. Кибералаяқтардың сөзіне сеніп, қаншама адам миллиондап шығынға батуда. Тағы да ескерте кетейік, жеке деректеріңізбен, құпия кодтарыңызбен, шоттарыңызды ешкімге айтпаған абзал,-дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Жыл басынан облыста мұндай 403 қылмыс тіркелді.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz