Петропавлда 1 шілдеден бері «QYZYLJAR MUSIC Fest» халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Шілденің 4-і, яғни кешегі концертке облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бас алаңда ұйымдастырылған рухани шараға еліміздің Халық әртісі Айман Мұсақоджаеваның және ҚазҰӨУ студенттік симфониялық оркестрі өнер көрсетті. Сондай-ақ, жергілікті «Melomix», «MIAMI», «Черный бриллиант» топтары және Бүркіт Жанай, Любовь Зорина, Лаура Курлеутова сынды өнерпаздарымыз жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Әрі кеште Қазақстанның танымал әншісі, талайдың ыстық ықыласына бөленіп жүрген Мирас Жүгінісов әсем әннен шашу шашты.