«Есіл су» кәсіпорны Есіл ауданының Петровка ауылындағы 2 үйді орталықтандырылған су жүйесіне қосты

Авторы: Qyzyljar News

«Есіл су» филиалының директоры Қанат Асқаровтың бастамасымен Петровка ауылындағы 2 үй орталықтандырылған су жүйесіне қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Айсұлу Қасенова біраз уақыт бойы ауыз су тапшылығын көріп келген. Екі мүгедек баласын жалғыз тәрбиелеп отырған ана өз күшімен үй сатып алған. Су болмағасын құдық та қазыпты, бірақ ол жерден шыққан су жарамсыз екен. Кейін мәселесін шешу үшін билік өкілдеріне жүгініпті. Мамандар шаруаны 300 мың теңгеге бағалаған. «Есіл су» филиалының директоры Қанат Асқаров қол ұшын, нәзік жандының проблемасын бір жақты етті.

-Мен билік өкілдерінен көмек сұрадым. Күту керек болды. Оның үстіне ақша да болған жоқ. Үйге су кіргізіп берген Қанат Асқаровқа алғыс айтамын. Су таза әрі дәмді, — деп Айсұлу Қасенова ризашылығын білдіруде.

Орталықтандырылған су жүйесіне қосылған тағы бір отбасы — Сапаровтар әулеті де алғыстарын айтып жатыр. Отағасы күзетші болып жұмыс істейді. Ал жұбайы үй шаруасымен айналысады екен. Күнкөріс үшін мал сатып алыпты, алайда төрт түлікті суаратын су құбыры болмағандықтан, отбасы жергілікті билік өкілдеріне жүгінген. Дегенмен, бұдан түк шықпапты. Кейін облыстық мәслихат депутаты Қанат Асқаровтан көмек сұрап, халық қалаулысы аз уақыттың ішінде мәселенің шешімін тапқан.

-Бұл мәселені екі күннің ішінде шешіп берді. Қанат Асқаров мырза үйге су кіргізіп беріп, айтқан уәдесінде тұрды. Алғысымыз шексіз. Біздің 9 баламыз бар, отбасымыз үлкен. Оларды асырау үшін мал сатып алдық, — дейді Алтынай Сапарова.

Филиал директорының айтуынша бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz