Петропавлда 100-ден астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып бейімделеді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделетін 119 нысанның тізімі анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдік өкілдерінің мәліметінше, нысандардың негізгі үлесі білім беру саласына тиесілі – 53. Оларды қолжетімді ету үшін 37 млн. теңге қажет. Бейімдеу шаралары құрылыс нормалары мен ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараты бойынша, наурыз айында Петропавл әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында білім беру ұйымдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Оқу орындарының директорларына жұмысты қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылды. Петропавлда 2025 жылға дейін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 544 әлеуметтік нысанды бейімдеу қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz