Солтүстікқазақстандықтар «Бурабай-2022» республикалық фестивалінде 4 кубок жеңіп алды

Авторы: Qyzyljar News

Фестиваль аясында Оқжетпес жартасына өрмелеуден жарыстар өтті. Өңір намысын 21 спортшы қорғады, қоржынды 4 кубокпен толықтырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқжетпес жартасына спорттық өрмелеудің қорытындысы бойынша 14-16 жас аралығында екінші орынды Владимир Рисс, үшінші орынды Бейсенов Мұхаммед иеленді.

17-49 жас аралығында өткен сында Қуаныш Касенов екінші Егор Калиниченко үшінші орынды еншіледі.

17-49 жас аралығындағы әйелдер арасында бірінші орынды Алена Курдюкова, екінші орынды Виктория Усольцева иеленді.

Жалпы СҚО құрамасы «Альпинизм мен құзға өрмелеуді дамытуға қосқан үлесі үшін» кубогын жеңіп алды. Алена Курдюкова мен Виктория Усольцева «Үздік әйелдер орамы» кубогын, «Үздік ерлер орамы» кубогын Константин Аксенов пен Диас Усольцев алды. Сондай-ақ команданың Мұхаммед Бейсеновке «Ең жас қатысушы» кубогы табысталды.

Айта кетейік, Бурабайдағы Оқжетпес жартасына жаппай өрмелеу сайысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz