305
«AMANAT» партиясы жастар қанаты орталық кеңесінің отырысында кезектен тыс Съезін өткізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кезектен тыс VI Съезд шілденің 12-сі Ақмола облысының Зеренді ауылында өтеді деп жоспарланып отыр. Оған еліміздің барлық өңірінен 350-ден астам делегат қатыспақ.
Съезде осыған дейін атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, партияның трансформациясын ескере отырып, жаңа міндеттер айқындалады.