22 жастағы петропавлдық ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдың 22 жастағы тұрғыны есірткіні заңсыз сақтағаны үшін 3 жылға сотталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қала тұрғыны былтырғы жылдың қараша айында жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ұсталды. СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бойжеткеннен темекі шегуге арналған құралдар мен көк түсті кристалл тәріздес зат салынған екі полимерлік түйіншекті тәркіледі. Нәтижесінде сараптама аталған заттың «альфа-PvP» есірткісі, басқаша айтқанда белгілі «тұз» есірткісі екенін көрсетті. Алынған заттың салмағы 2,9 грамды құрайды.

Қазіргі уақытта 22 жастағы қызға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

-Жыл басынан аталған бап бойынша 4 факті анықталды. Есірткіге қатысты қылмыстарды анықтап, жолын кесу – есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі полиция бөліністерінің басымды міндеттерінің бірі. Жалпы 6 айда облыста 109 есірткі қылмысы тіркелді, оның 40-ы сату фактісі. Заңсыз айналымнан 267 түрлі есірткі заты алынды, оның ішінде 1,4 килограмнан астам синтетикалық есірткі, — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Иван Терзиди.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz