Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында қоқыс шығару тарифінің көтерілгені туралы Петропавл мәслихаты қаулысының жобасы пайда болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес, абаттандырылған сектор үшін қызметтер құнын бір адамға айына 408,8 теңгеге дейін, абаттандырылмаған сектор үшін – бір адамға айына 464,8 теңге, заңды тұлғалар үшін – 1 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтар үшін 3 398,26 теңге, ҚТҚ көму – 1 тонна үшін 1 599 теңге ұлғайту ұсынылады.
Қоқыс тарифін көтеру мәселесі өткен жылдан бері талқыланып келеді. Ол 1 қаңтардан бастап көтеріледі деп болжалды. Тиісті қаулы жобасы талқылауға шығарылды. Қазір абаттандырылған сектор үшін қоқыс шығару тарифі бір адамға 220 теңгені, абаттандырылмаған сектор үшін – 234 теңгені, заңды тұлғалар үшін-бір текше метрге 2 530 теңгені құрайды.