СҚО-да коронавирусқа қарсы вакцина қою науқаны жалғасуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 321 941 екпенің бірінші компонентін алды. Бұл өңір халқының 60% — ын құрайды. Ревакцинациядан 171 225 тұрғын өткен.
Бүгінде облыста барлығы 82 вакцинация пункті жұмыс істейді, олардың 8-і Петропавлда. Pfizer вакцинасының 552 дозасы, QazVac препаратының 307 дозасы және Vero Cell 12 327 дозасы қолжетімді.
Фото: ашық дереккөздерден