Петропавлдық балықшының қармағына мылтық ілікті

Авторы: Qyzyljar News

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, маусым айының соңында 26 жастағы қала тұрғыны Борки кентінде Есіл өзенінің жағасында  балық аулаған. Айтуынша, қармағына ауыр нәрсе іліккен. Ол зат мылтық болып шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл жайында петропавлдық «102» нөміріне хабарлаған. Табылған қару сараптамаға жіберіліп, оның тіркелмеген 12 калибрлі қос ұңғылы «ТОЗ-34» аңшылық мылтығы екені анықталды.

-Жігіттің қаруды тауып алғаны туралы бірден полицияға хабарлағаны дұрыс болды. Өйткені, тіркелмеген қаруды сақтауға тыйым салынған, — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мәдиев.

Жыл басынан облыста өз еркімен тіркелмеген 9 қару тапсырылған, заңсыз айналымнан  53 қару алынған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz