Жалған сенімхатпен туыстарының 2 үйін сатып жіберген петропавлдық ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласының тұрғыны жалған сенімхатпен туыстарының 2 пәтерін сатып жіберді. Ер адам Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 34 жастағы петропавлдық жалдамалы пәтерлерде жасырынып, туыстарымен және таныстарымен байланысқа шықпай қойған. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері оның жүрген жерін қызметтік іссапар кезінде анықтады. Бүгінде күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына орналастырылды.

— Айта кететіні, «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Мамлют ауданының полицейлері аудан орталығының 61 жастағы тұрғынын ұстады. Ол Башқұртстан аумағында жасалған алаяқтық үшін мемлекетаралық іздеуге жарияланған, – деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Биылдыққ СҚО-да іздеуде 60 адам болған. Жыл басынан криминалдық полицейлер 30 қылмыскердің жүрген жерін анықтады.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz