Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Wimbledon турнирінің чемпионы атанды. Ел мақтанышы Ұлыбритания ашық чемпионатының соңғы бәсекесінде әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жаберді жеңді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бірінші партияда брейк жасаған тунистік спортшы алға кетті. Сетті ол тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3. Есесіне екінші сетті Елена брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:1. Содан кейін өз геймін ала білді – 6:2. Осылайша, Елена Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасында тұңғыш рет жекелей сында «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпазы атанды.
Фото: ашық дереккөздерден