СҚО мектептерінде инклюзивті білім беру бойынша тренингтер бастау алды

Авторы: Qyzyljar News

«АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігі 4000-нан астам мүгедек бала тұратын Петропавл және СҚО мектептерінде инклюзивті білім беру қағидаттарын ілгерілетуде. Жоба «Qolda 4.0» шұғыл көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО Білім басқармасының қолдауымен өңірдің мектептері мен колледждерінде «Маған теңдей қара» атты 10 практикалық тренинг өткізді. Студенттер мен оқушылар мүгедек адамдармен қарым-қатынас этикасымен танысып, іс жүзінде тірек-қимыл аппараты немесе көру қабілеті бұзылған адамға ситуациялық көмек көрсетуді үйренді.

Жоба жетекшісі Ақжан Кәрім мұндай кездесулер мен практикалық тренингтер оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін салауатты бәсекелестік ортаны құруға көмектесетінін атап өтті.

— Біз Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың нақты көрінісін көріп отырмыз, ол проблемаларды ғана емес, одан әрі жұмыс істеу мүмкіндіктерін де көрсетеді. Біз инклюзивтік білім беруді адамдардың белгілі бір санатына емес, барлығына қажет деп түсінулері үшін инклюзивтік білім беруге деген қарым – қатынасты өзгерткіміз келеді, — деді «АРДОС-Жүрек» жетекшісі Ақжан Кәрім.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz