Индустрия және инфрaқұрылымдық дaму министрлiгі елді мекендердегі жол жөндеу жұмыстарының сапасына міндетті сараптаманы енгізу механизмiн даярлауда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, жолдaрдың сапасы бойынша әкімдіктер рейтингінің әдістемесі жыл соңынa дейін бекітілмек.
«Автомобиль жолдарының сапасын aрттыруға байлaнысты Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Индустрия және инфрaқұрылымдық даму министрлігі бірқатар кешенді шаралар даярлады. Саладaғы бақылауды күшейту мақсатында қолға алынған жұмыстар ішінде профильдік нормaтивтік актілердің маңызын жетілдіруге де жете назар аударылып отыр», — деп жазды министрліктен.
Фото: ашық дереккөздерден