СҚО-да трансұлттық ҰҚТ ісі бойынша сот аяқталды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрт сотталушыға қатысты істі қарады. Оларға трансұлттық ұйымдасқан топтың құрамында көлік құралдарын экономикалық контрабандаға, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға, көрінеу қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу белгісі бар көлік құралдарын өткізуге айып тағылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың бірі оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін айыпталған.
Сот сотталушыларды трансұлттық қылмыстық топты құруда және оған басшылық етуде, олардың іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының болмауына байланысты экономикалық контрабанда мен мүлікті жария етуде кінәсіз деп таныды.

— Сотталушылар Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын сатумен айналыспағаны, тек Ресей Федерациясының аумағынан көлік жеткізуді жүзеге асырғаны, Қазақстанның азаматтары – жеке тұлғалар жалдап отырғаны анықталды, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сот үш сотталушыны «жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, жасау немесе өткізу» бабы бойынша, біреуін «қаруды, оқ – дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша кінәлі деп таныды. Оларға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалды. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға сәйкес сотталушылар жазадан босатылды.

Тәркіленген көлік құралдары иелеріне қайтарылады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz