Ресейдегі Қазақстан азаматтарына паспорт алу жеделдетіледі

Авторы: Qyzyljar News

2022 жылғы 10 шілдеден бастап Ресей Федерациясының аумағында «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар дайындауға жіберу» мемлекеттік қызметін электрондық форматқа көшіру бойынша «пилоттық жоба» бастау алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл жоба Ресейде тұратын Қазақстан азаматтарына Қазан, Омбы, Санкт-Петербург және Астрахань қалаларындағы Қазақстан Республикасы консулдық мекемелеріне хабарласуға және бұрынғыдай 80 күн емес, 30 күн ішінде паспорт ресімдеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта электрондық құжаттама жүйесі Қазақстанның Германиядағы (Берлин, Франкфурт-на-Майне, Мюнхен, Ганновер), Корея Республикасындағы (Сеул), БАӘ (Абу-Даби, Дубай), Ресейдегі (Мәскеу), АҚШ-тағы (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско), Өзбекстанда (Ташкент), Жапония (Токио) және Түркия (Анкара, Стамбул, Анталия) шет елдердегі мекемелерінде табысты жұмыс істейді.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz