СҚО-да соңғы екі аптада 26 адам COVID-19 дертін жұқтырды. Осыған ұқсас кезеңде тек бір адам сырқаттанған еді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте 3 солтүстікқазақстандықтың бойынан қауіпті вирус анықталған. Науқастар Петропавл, Айыртау және Шал ақын аудандарында тіркелді.
Коронавирустың таралу қарқыны бойынша біздің өңір – «жасыл» аймақта. Жалпы пандемия басталғалы облыста 44 411 тұрғын коронавируспен ауырды.
Фото: ашық дереккөздерден