СҚО-да көкөністер мен жемістердің құрамындағы химиялық заттар қалай тексеріледі

Авторы: Qyzyljar News

«Фитосанитария» Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының зертханасында Петропавлда сатылатын көкөністер мен жемістерде нитраттардың шамадан тыс мөлшері анықталғмағаны айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Южный» көтерме сауда базарына күн сайын 25 тоннаға жуық өнім келіп түседі. Зертхана мамандары әр жүк көлігіндегі тауарлардан сымама алады.

«Фитосанитария» РМК СҚОФ зерттеу зертханасының меңгерушісі Роман Тарунинның айтуынша, қызанақ пен қиярда нитраттардың мөлшері 60 мг/кг, қарбыздарда – 34 және қауындарда — 64 мг/кг шегінде анықталды.

— Қыста қияр мен қызанақта нитраттардың аз мөлшері ашық жерде рұқсат етіледі. Олар негізінен топырақтан қолданылатын тыңайтқыштар ретінде алынады. Көбісі одан сескеніп жатады, бірақ іс жүзінде тыңайтқыштар көкөністердің ұзақ сақталуына, егіннің тез пісуіне мүмкіндік береді, ал өнімнің өзіне зиян тигізбейді. Рұқсат етілген мөлшерде нитраттардың денсаулыққа кері әсері жоқ, — деп түсіндірді Роман Тарунин.

Қазір өңірде қарбыздың жейтін маусым ашылды. Тұрғындардың көбісі қауынның құрамында химиялық зат бар деп, сатып алуға әлі асықпайды.

— Мамыр мен маусым қарбыздарын сатып алып, жеуге болады. Олар денсаулыққа зиян келтірмейді, — деді Роман Тарунин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz