Соңғы тәулікте Қазақстанда 820 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Алматыда – 280, Нұр-Сұлтанда – 180, Шымкентте 87 тұрғын сырқаттанды. Алматы облысында – 67, Қарағанды облысында – 56, Жамбыл облысында – 35, Атырау облысында – 17, Шығыс Қазақстан облысында – 12, Қызылорда облысында – 19, Түркістан облысында – 13, Маңғыстау облысында – 10,СҚО-да 9 жағдай тіркелді. Қостанай облысында – 9, Ақмола облысында және Павлодар облыстарында 8 адам ауруға шалдықты. Батыс Қазақстан облысында – 7 тұрғынның бойынан вирус анықталды.