Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты қантпен қамтамасыз етудің нақты шараларын қабылдауда

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанда маусым айында қант өндірісі шамамен 38 мың тоннаны құрады, оның ішінде Тараз қант зауыты – 18 мың тонна, Көксу зауыты – 9 мың тонна, Меркі қант зауыты – 11 мың тонна, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маусымда үшінші елдерден бажсыз әкелуге арналған квота шеңберінде 23,5 мың тонна өнім импортталды. Әкімдіктердің мәліметінше, маусым айының басында қорлардағы көлем 28,9 мың тоннаны құрады. Ауыспалы қор шілде айының басында 27,2 мың тоннаны көрсетті.

Зауыттардың деректеріне сәйкес, шілдеде 37 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр, ал оның импорты 39,7 мың тонна болады деп күтіліп отыр. Сонымен қатар, 11 шілдедегі көрсеткіш бойынша республикадағы қант қоры 26,8 мың тоннаны құрайды.

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі өніммен қамтамасыз ету үшін 250 мың тонна көлемінде қант пен құрақ шикізатын бажсыз әкелуге квота бөлді, қалған 100 мың тоннаны бөлуге өтінімдер қабылданып жатыр. Квоталардың қолданылу мерзімі 31 қазанға дейін ұзартылып, төрт жұмыс тобы құрылып (зауыттар, облыс әкімдіктері, ҚР ҚМ МКК, «ҚТЖ» ҰК» АҚ) шеңберінде қант көлемдерін өңірлерге жедел бөлу жүзеге асырылады. Қант өндіру мен жеткізудің апта сайынғы кестесі пысықталып отырады.

Сонымен қатар, өңірлердің қантпен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүзеге асырылады, жүкті уақтылы кедендік ресімдеу жүзегізіліп, тораптық станцияларда тұрып қалуды болдырмау мақсатында қант пен шикізатты тасымалдау процесі қадағаланады.

Үкімет отандық қант нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі 5 жылдық кезеңге арналған іс-шаралар жоспарын мақұлдады, оған жоспар аясында қант қызылшасын егу алаңдарын ұлғайту, суару желілерін қайта құру және салу, қант зауыттарын жаңғырту, ішкі нарықты қорғау, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөніндегі іс-шаралар кіреді.

Сонымен бірге, қант қызылшасын қайта өңдеуге өткізуді субсидиялау нормативі ұлғайтылады, құрақ шикізатының импорты кезінде ҚҚС-ты нөлге түсіру және қызылша қантын өндіруге ҚҚС-ты 70%-ға төмендету және құрақ қантына осы жеңілдікті тарату бойынша жеңілдіктің қолданылу мерзімін ұзарту. 7 шілдеде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасына қант әкелуге квота белгіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz