Қазақстанда мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің тізбесі мен шекті бағалары бекітілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
2022 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту, сондай-ақ мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрықтары күшіне енді.
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің шекті бағасы литріне 187 теңге болып бекітілді. Қазақстанның басқа өңірлерінде баға бұрынғы деңгейде – литрі 182 теңге болып қалады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұйрыққа сәйкес, дизель отынының шекті бағасы Қазақстанның барлық өңірінде бұрынғы деңгейде сақталады: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында бензин бағасы литріне 260 теңге болса, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – литрі 230 теңге.