Петропавлда ауызсу тарифі 4 теңгеге көтерілді. Жаңа тариф 5 жылға бекітілген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
–Тұрғындар осы айдан бастап судың әр текше метрі үшін 76,2 теңгеден төлейді. Бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға бекітілген баға – 1064 теңгені, ал заңды тұлғалар мен басқаларына 362 теңгені құрады,-деді «Қызылжар су» ЖШС атқарушы директоры Арман Саутов.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Петропавлда 5 шақырым су және 1 жарым шақырым кәріз желісі ауыстырылады, жүздеген құдықты жөндеу жоспарланып отыр.
– Қаладағы су құбырының 58 пайызы тозған. Ал кәріз желісінің тозу көрсеткіші 67 пайызды құрап отыр. Осы себепті бір орында тоқтап қалмай жұмыс істеу қажет, — деді Арман Саутов.